Сезім бөлеген lyrics

Дегдар Жолдасбай

2017

0
0

Share:



Кезігіп қалар деген күйдемін көршінің қызы елікті
Есімін әттен білмедім өңі тәтті көрікті
Ағасын сыйлап жүргенім қарындасы бар елікті
Әпкесін сыйлап жүргенім сіңілісі бар көрікті

Қайырмасы:
Сезім бөлеген айттым өлеңмен
Өзіңді өзгеден жақсы көрем мен
Айдай толайық гүлдей солмайық
Болсақ болайық Жібек пен Төлеген

Терезеңізге қарайлап аранадым әнді далада
Неліктен жүзің арайлы жолықпай жүрсін жағада
Көз салдым іздеп өзіңді сағынышым деп бағала
Әлде сен үзіп төзімді кеттің бе көшіп қалаға

Қайырмасы:
Сезім бөлеген айттым өлеңмен
Өзіңді өзгеден жақсы көрем мен
Айдай толайық гүлдей солмайық
Болсақ болайық Жібек пен Төлеген
Дегдар Жолдасбай, Сезім бөлеген lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






19.09.2017
Users