Аққу сезім lyrics

Дауыс.KZ

Аққу сезім

0
0

Share:


Айнакөлге келіп қонған
Ажарына көрік болған бақ құсым
Ажарына ажар қосқан
Базарына базар қосқан пәк құсым
Алып ұшқан жүрегімнен
Сағынышты тілегімен пәк құсым
Айнакөлім аялайды
Құшағында аймалайды еркін жүрші арман ақ құсым
 
Айна айна  Айнакөлдің
Айдынына қайдан келдің
Аққуым
Жайна жайна жайна көңілім
Тойл тойла өмір шаттығын
Қарай қарай тамсанайын
Айтшы қалай қарсы алайын сені
Айна айна  Айнакөлдің
Айдынына айдан келген
Аққуым аққуым аққуым
 
Бөленіп шапағатқа
сезімменен махаббатқа саз құсқан
Егіз жүрек ән саларға
Туған жерің аңсағанда жаз құсқан
Сыңарысыз оралмайды
Айта алмайды олар жайлы аз дастан
Бұл өмірде бірге болсың
Құшақтары гүлге толсың
Ғашықтардың жұбын жазбастан
 
Айна айна  Айнакөлдің
Айдынына қайдан келдің
Аққуым
Жайна жайна жайна көңілім
Тойл тойла өмір шаттығын
Қарай қарай тамсанайын
Айтшы қалай қарсы алайын сені
Айна айна  Айнакөлдің
Айдынына айдан келген
Аққуым аққуым аққуым
Дауыс.KZ, Аққу сезім lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

30.10.2015
Music Videos
Дауыс.KZ
Аққу сезім