Анашым-ай

Дəулет Жұмағали

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Анашым ай дүниедегі теңдесі жоқ кісімен
Кісілігін əттең кештеу түсіндім
Қысылғанда қасыңыздан табылмай
Сеніміңе неге серкеу түсірдім
Өміріме өзек болған адамның
Сенімінен шыға алмаған сараңмын
Сіз кеткелі сіз кеткелі анашым
Істен гөрі сөзге үйір боп алдым
Алдын алмай төнген қауіп қатердің
Не істедім мен не кектілік таныттым
Іздегенде іргеңізден табылмай
Жүрегіңді одан əрі таныттым
Ар жолында тар жолында тағдырдың
Тұрағы жоқ мен не деген салбырмын
Неге ғана жолға шықтым сол күні
Неге ғана үйде жалғыз қалдырдым
Қатты өкіндім қапаландым күйіндім
Қайтем енді жеткені сол миымның
Құлағанда қасыңыздан табылмай
Жылағанға жұдырық болып түйілдім
Жеткізбеді жетем деген ұлы арман
Сорлы басым сонша неге қуанған
Дүниеден кете бардың анашым
Дүниеге келген күні шығармам
Мен сол күні өшіп барып тұдадым
Тұтадым ғой бармасада оларым
Жарығым ай сөне бердің қайтейін
Жарық көріп жатқан күні кітабым
Неге бұлай неге асықтың
Артыңыздан аттануға шақ қалдым
Ең бағалы сыйлығымды жоғалттым
Ел бағалап еңбегімді жатқан күн.
Қабат келіп бір қуаныш бір қайғым
Қыр арқамды қырнап өтті мұздай мұң
Ел алдында еңсем биік болғанмен
Ана алдында абыройдан жұрдаймын
Дүниеде теңдесі жоқ кісінің əттең кештеу түсіндім
Тілегімді жеткізе гөр ей аллам
Жүрегімді жыртып саған ұсындым
Анашым ай түсіндім ғой түсіндім

Дəулет Жұмағали Анашым-ай lyrics, Дəулет Жұмағали 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

07.10.2018
Users