Үш ағайын

Бүркіт

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Өлімнен құтылмайсың қашсаңдағы
Әкеңнен арыстандай ассаңдағы ай
Алладан шыныменен жарлық келсе
Жұлдызда жерге түсер аспандағы ай
Дүниенің алды қызық арты дұшпан
Кісіге ой салады ақыл мыстан
Өлеңмен болған жайды мен айтайын
Өкініш тауып алған бұл қазақтың
Осындай денсаулықтың арқасында
Жақсы ғой ағайынмен басты қосқан
Бір күні жолаушылап жолға шықты
Үш жігіт бір әкеден бір туысқан
Алыпты тауып жолдан бір қап алтын
ішінде інжу маржан араласқан
Үшеуі бір шахарға келіп жетті
Алтынды тауып алған бөле алмастан
Бар деді інісіне базар жаққа
Отырып екеуінің қарны ашқан
Інісі базар жаққа кеткеннен соң
Ой түсті екеуіне арам дастан
Өлтіріп інімізді алтынды алсақ
Бай болмас бұл дүниеде бізден асқан
Інісі базар жаққа бара жатып
Ұланда ой түсті ерсі дастан
Інісін келген жерден пышақтады ай
көңіліне бейшараның қарамастан
Інісі өлгеннен соң тамақ жеді
Ішіне у қосқанын біле алмастан
Үш жігіт дүниеден кетті осылай
Алтында тауып алған бөле алмастан
Дүниені қуа берсең жеткізбейді
Артына кете берер қайырлмастан
Адамға алтын емес адам жолдас
Жанына жуытпайды ай надан жолдас
Бір жүрген дос жаранды ренжітсең
Ақыры өзіңніңде жолың болмас



Бүркіт Үш ағайын lyrics, Бүркіт 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

06.11.2018
Users