От жалын ой өртеп ішті

Бернияз Күлеев

0
0

Share:




От жалын ой өртеп ішті,
Жай таптырмай жаныма.
Өткізумен ерте - кешті,
У жайылды қаныма.
Ойда - қырда, оңда - солда,
Жұбатар зат таппадым.
Ойдағы іс келсе оңға,
Бұрқ етпекші жас қаным.
Өмір шіркін оны күтпей
Бара жатыр сырғанап.
Жұртта қалған бір күшіктей,
Нақақ тарттым құр азап.
Құрдастардың бәрі - дағы,
Бала сүйіп жар құшып.
Ыңғайлады шаруаны,
Көжесін ғып, малта ішіп.
Айтын айттап, тойын тойлап,
Қан сонарда аң қуып,
Бас қатырмай болмасты ойлап,
Жылы пешке жүр жуық.
Бала сүйіп, жар құшып,
Шаруадан мен аулақ.
Дамыл таппай, от жұтудан,
Өр жүрегім жүр даулап.
Асықпасын бұл қаскүнем,
Еркін маған бір тиер.
Сонда жалған бар жанымен,
Алдыма кеп бас иер.
Бернияз Күлеев От жалын ой өртеп ішті lyrics, Бернияз Күлеев 0







GM

Added Lyrics

26.08.2016