Иман Жүсіптің термесі

Бекболат Тілеухан

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Мен жасымда оу жігіттер топтан астым
Мен менсінген талайдың көңілін бастым
Жаны мерген жігітке ол жасалып
Бір күнде сегіз қызды алып қаштым
Абылайдың асқақ сарбаз сарқай белі
Қуандық сүйіндікпен жайлай деді
Қырық мың жылқы су ішсе бұл лайланбас
Нияздың айырулы да қара көлі ей
Ұғылымен тағлымен бүркіт салған
Ойпалақтап бауырыңмен түлкі қалған
Есіл қой Еділмен қара қойдас
Көзімнен дүлдүл ұштың дүние жалған ау
Ақ тауға сары су келіп төгіліп
Жаз болса жайлаушы еді қоңыр белі
Сағынғанда көзіме бір көрінші
Ақ туын Кенесары тіккен жерін ай
Қатар қатар қойылған тастарыңай
Мұнарланып көрінген бастарыңа ай
Сол бір жерлер есіме түскен кезде
Көзімнен аға берген жастарымай
Сыртым жалын болғанменен денем сау
Көз жасың маған десе жаңбыр болып жау
Бүркіт ұстап басыңа шығармедің
Көзіме бір көрінші ер емен тау
Күйген жарым ауылым жардай қонған
Әкем Бұқпан кезінде қандай болған
Қазы қарта жемейтін қайран басым
Түрменің қара наны балдай болған
Бойдақ елмен жүруші едім араздасып
Қарсы келген дұшпан мен жағаласып
Бір түстендеп аттанған ауылымның
Қыздарай болушы еді маған ғашық ей
Бұл заманда қалайша тұрақтайын
Майысып көлге біткен құрақтайын
Қарсы келген дұшпанның талайларын
Бақыртып сабаушы едім лақтайын ей
Қыран едім қор болдым торға түсіп
Шығармедім аспаныңа бір күн ұшып
Жүз қатын қыпшақтан ұл тапсада
Бәрі бір бола алмайды Иман Жүсіп ей....

Бекболат Тілеухан Иман Жүсіптің термесі lyrics, Бекболат Тілеухан 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

07.11.2018
Users