Share:





Загрузка...



О жаратқан жалғыз бала бердің сен
Қуанғаннан жарылғандай болдым мен
Артқа мұра қалса болды деп едім
Тағдырыңа жазылғанға көнген жөн
Жалғыз бала татыр дедім отызға
Арман қиял ұшты болды онсызда
Сөйтсе бәрі бекер екен қу дүние
Жалғыз балам қатын құмар болсынба
Сөйтсе бәрі бекер екен қу дүние
Жалғыз балам қатын құмар болсынба
Әділ деп мен қойып едім атыңды
Ұмыттың сен елу жұлдыз затыңды
Әділдігің осы болса қайтейін
Ата анаңнан артық көрдің қатынды
Түңілдім мен сендей туған баладан
Түңілдім мен сендей туған шаладан
Шалалығың осы болды қу перзент
Қатыныңмен кетіп қапсың қалаға
Бізді тастап қу шаңырақ далаға
Шалдар өтер дүниеден жастар өсіп
Мына заман барады ау төбе тесіп
Қу жалғызды бергенде адал қылып
Осылай отырармедім құр су ішіп
Әрекет қып аздап дүние жиған бар
Қу дүние деп ата анасын қуған бар
Бәрі өткінші алма кезек бұл заман
Кейінгі жас ата ананы сыйлаңдар
Шындықпенен сырлар айттым бағалы
Жақсылық бар қиыннан соң шамалы
Әке шешең жынды болса байлап бақ
-деген сөз бар дін исламда бағалайық
Даналы даналы оу даналы....


Бауыржан Бекахметов Әділ lyrics, Бауыржан Бекахметов 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

09.11.2018
Users