Қыран тағдырға қызығу lyrics

Бауыржан Халиолла

0
0

Share:


Отыздамын, отыз түйір ақыл жоқ,
Жарытпадым бір туатын ақын боп.
Қатыспадым және ешқандай соғысқа,
Ардақтайтын темір тағып, батыр деп.
Бар болғаны екі аяқты адаммын,
Ұғынамын құпиясын ғаламның.
Маймыл құсап мәз боламын кей кезде,
Бір түйсігі бүлк еткенде санамның.
Одан өзге ерекшелік жоқ менде,
Ол табиғи - тәкаппарлық, тоқ кеуде.
Албырт сезім айуанда да кезігер,
Алабұртып ақшиятын көктемде.
Сонда кіммін, адаммын ба, аңмын ба?
Кезбе күнім қаңғалақтап қаңғуда.
Өзімді-өзім тани алмай тұрғаным,
Тәлтіректеп тағдырымның алдында.
Базарымнан мағына мен мән тайса,
Ажарымнан сұлулық пен сән тайса.
Қыран құстың қылығын бер, Құдайым,
Құзар шыңнан құлап өлер қартайса...
Бауыржан Халиолла, Қыран тағдырға қызығу lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016