Күнді аңсау lyrics

Бауыржан Халиолла

0
0

Share:


Көктемі өтті,өмірімнің жазы бұл,
Шәлкес мінез «шалға» айналдым қазымыр.
Көпе көрнеу көзім алды бұлдырап,
Көңілімнің күңіренді сазы кіл.
Таттым талай шарап пенен сырадан,
Көк түтінмен қос өкпені шылағам.
Менің ісім кейбіреуге күлкілі,
Құдықтағы айды алам деп құлаған.
Құлағымда құрбақалар ойнады,
Қуат күшім әлсіреді бойдағы.
Шыңыраудан шыңғырып ем дауысым,
Көмейіме кептетіліп қойғаны.
Солай, солай... өз күніме қайранмын,
Тіршілікке жіпсіз ғана байландым.
Оқи-оқи зар заманның ақынын,
Тар заманның ақынына айналдым.
Өз-өзімді жұбатамын өлеңмен,
Жан емеспін қошеметке бөленген.
Күннің көзін көрсетіңдер, ағайын,
Нұр шуағы тамшыласын төбемнен.
Бауыржан Халиолла, Күнді аңсау lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016