Қайғыра аңсау lyrics

Бауыржан Халиолла

0
0

Share:


Таңғажайып таңды аңсадық біз алдан,
Күнді күттік күнәмізден қызарған.
Арман тектес асаукерге ер салдық,
Бір жүректе деп ұғыстық шығар жан.
Мойынымды қылғындырып ақ құшақ,
Иығыма асылғанда тәтті сәт.
Көше бойы көтеруші ем мықшыңдап,
Қозапая арқалаған қарт құсап.
Сен бұлдадың сезіміңді ақылы,
Мен жындандым жалаңдатып бәкіні.
Сенің жының, менің жыным-екеуі,
Арамызды араз қылды ақыры.
Көп адастық, кездік өмір орманын,
Өрмекшідей өзге ұяны торладың.
Біз бейшара ғашықтармыз біртуар,
Қара мысық кесіп өткен жолдарын.
Солай, солай... ақылымыз кеш кірді,
Қаны аралас достығымыз ескірді.
Есеюдің бақытсыздық екенін,
Ерте білсем, ұнатпас ем ешкімді.
Іздегенде жаным шөлдеп қаталап,
Жетіспейді бір ақ шуақ шапағат,
Жарық күнде аяулымнан айырған,
Қайда сол бір қарабайыр махаббат
Бауыржан Халиолла, Қайғыра аңсау lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016