Еске түссе ертегі lyrics

Бауыржан Халиолла

0
0

Share:


Сені,жаным, сүйем деуші ем мәңгілік,
Күн батқанда, атқан шақта таң күліп.
Айқайласам қайталайтын атыңды,
Алатауды жарып шығып жаңғырық.
Енді бүгін ғашықтықтан жалығам,
Құлан құсап жеріп жүрген қағынан.
Өкінбеймін...өкінбеймін мен қайта,
Жынды қылған жылдарымды сағынам.
Бірге болу еді бізге басты арман,
Жібіткенсің жүрегімді тас болған.
Еміренген екеумізден ұялып,
Қанша жұлдыз ағып түсті аспаннан.
Жұлынымыз кететіндей жұлынып,
Ағыл-тегіл өксіп, іштей ұлыдық.
Ақ жүзіңді аймалайтын құнығып.
Айдың өзі иығыңа қонақтап,
Содан Тағдыр қойды кенет қырсығып,
Жолымызды бөгей берді тіршілік.
Қалып қойды кінәсі жоқ махаббат,
Қара түннің қойынында тұншығып.
Ей, шырағым, мен де жүргем төс қағып,
Аһ ұрғанмен бақытымнан кеш қалып.
Алматыға бару оңай деймісің,
Ерте... Ерте... Ертегіні еске алып
Бауыржан Халиолла, Еске түссе ертегі lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016