Share:



Жалғанды жалпағынан бассаңдағы
Құлыпын қу дүниенің ашсаңдағы
Болады жазылған іс пешенеңде
Ажалдан құтылмайсың қашсаңдағы
Бұлбұл боп ел алдында сайрап жүрсеңде
Өмірді шалқып күліп тойлап жүрсеңде
Ажалды ақша беріп тоқтата алмас
Бриллиант алтын тағып жайнап жүрсеңде
Палуандарды алыспайық сұлатқан
Патшаларды тақтарынан құлатқан
Бұл пенденің бар тағдыры осылай
Сум ажалға шарасыз жылатқан
Бай болып кедейлерді менсінбесеңде
Патшаға дікеңдеп сенсің десеңде
Қу ажал қойнына салып берер
Жиіркеніп қара жерді менсінбесеңде
Дұшпаныңа қазған ор болғаныменен
Сенген ағаң полежениесі зор болғаныменен
Ажалдың қылышынан құтылмайсың
Білімің косомосқа зор болғанымен
Самолетің бойынып ту болғанменен
Фильтрленген ішкенің су болғанменен
Ажалдың айласына ақыл жетпес
Алфенис елді алдаған қу болғанменен
Көр қызып көп адамды жерлеп жүрген мен
Дәрігер боп талай жанды емдеп жүргенмен
Ажалды заңмен дәрі тоқтата алмас
Би болып елді заңмен тергеп жүргенменен
Бай патша бас иемекен мейіріңе деп
Бағынбас тау қопарған теріңе де
Әмірін бір алланың орындайтын
Ажалдар қарамайды тегіңеде
Жаратқан бір алланың аты өлмейді
Қасиетті құран кәрім хат өлмейді
Артыңда ұл мен қыздың ізі қалып
Ел үшін жасап кеткен зат өлмейді

Бауыржан Бекахметов, Ажал lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Нуртай Абеков

14 2018

Бауыржан Бекахметовтын ӨЛЕҢДЕРІ КӨБІРЕК БОЛСА

Айгул

Corrected text

01.03.2018
Users