Тай-тай ботам

Бақытнұр Қызырбайқызы

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Тәй тәй ботам тәй тәй
Қаз қаз тұршы әй әй
Балдай бала сыйлаған
Өмір ғажап пай пай

Кернеген-ай қуаныш жүрегімді
Қабыл етіп жаратқан тілегімді
Қызығыңмен тәп тәтті қылығыңмен
Шаттық нұрға бөледің бұл өмірді

Тәй тәй ботам тәй тәй
Қаз қаз тұршы әй әй
Балдай бала сыйлаған
Өмір ғажап пай пай

Айналайын құлыным бағым сенсің
Алғаш басқан қадамың құтты болсын
Тұсауыңды кестірдім ақ тілекпен
Талабыңа нұр жауып бақыт қонсын

Тәй тәй ботам тәй тәй
Қаз қаз тұршы әй әй
Балдай бала сыйлаған
Өмір ғажап пай пай
Бақытнұр Қызырбайқызы Тай-тай ботам lyrics, Бақытнұр Қызырбайқызы 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

19.10.2018
Users