Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнау lyrics

Ажар Өмірсерік

0
0

Share:


Тәуелсіздік, тұғыры биік, тұлғасың!
Жырласын сені барша, қазақ, жырласын!
91-де егемен ,еркін болып, ек.
Өте шықты бүгіндері 25 жыл қырды асып.

Бүгін,міне, «Мәңгілік ел» атандық.
Сенің арқаң соның бәрі Тәуелсіздік, Бостандық!
Көк байрағың желбіреді Рио-да,
Жеңіс туы көтеріліп, қазағымның ән ұраны шырқалып!

Елімізде тұрақтылық, бейбітшілік орнаған.
Әртүрлі ұлт бір шаңырақ астына бүгін жиналған.
Ақ, қарамыз, сарымыз деп бөлінбей,
Барлығы да «Қазақстан азаматы»атанған!

Жаңаша жазып, жаңаша қалам тербейін.
Қалайша мен, халқым-ау, тебіренбейін!
Көріп тұрмын экономика өскенін,
Көріп тұрмын елімнің жетістіктерін.

Ұзағынан болсын дейік, Тәуелсіздік тұғырлы!
Соғыс өрті жауламасын Егемен, Еркін елімді!
Бақытқа толы, мейірге толы, шат күлкі,
Кетпесінші, өскелең ұрпақ келбетінен, бүгінгі!


Қарағанды облысы
Ақтоғай ауданы, Қаратал ауылы
Д. Стамбеков атындағы негізгі орта мектебінің
9 сынып оқушысы
Ажар Өмірсерік, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнау lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Sabira Altaihan

13 2017

мм

Admin

Added Lyrics

29.12.2016