Бір құпиям ашылмаған lyrics

Асылхан Төлепов ft. Аян Өтепберген

Бір құпиям ашылмаған

0
0

Share:


Сен мені көрген сайын күлімдейсін,
Сен менің қырда өскен гүлімдейсін,
Сен әлі жырға толы сырға толы,
Кінәсіз махаббаттың тіліндейсін
 
Әлі де сезім оты басылмаған,
Бағалап шын біледі асылдаған.
Сен менің бір көктемім келмей кеткен,
Сен менің, бір құпиям ашылмаған.
Сен менің бір көктемім келмей кеткен,
Сен менің, бір құпиям ашылмаған.
 
Болса да көпке қиял асқақ жаным,
Сен маған сыр ашуға жасқанбадың
Мен сенің бақытыңа қуанамын,
Тілегім алдамас ән жақсы арманым.
 
Әлі де сезім оты басылмаған,
Бағалап шын біледі асылдаған.
Сен менің бір көктемім келмей кеткен,
Сен менің, бір құпиям ашылмаған.
Сен менің бір көктемім келмей кеткен,
Сен менің, бір құпиям ашылмаған.
 
Білмеймін, шықпадым ба, тілегіңнен,
Өзіңе әмән тақтым тілегіммен.
Бір сәтін жастық кездің сақтай келе,
Мен сені айналайын жүрегіммен.
 
Әлі де сезім оты басылмаған,
Әлі де сезім оты басылмаған,
Бағалап шын біледі асылдаған.
Сен менің бір көктемім келмей кеткен,
Сен менің, бір құпиям ашылмаған.
Сен менің бір көктемім келмей кеткен,
Сен менің, бір құпиям ашылмаған.
 
Асылхан Төлепов ft. Аян Өтепберген, Бір құпиям ашылмаған lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

25.10.2015