Қайдасың, еркем lyrics

Әшір Молдағайынов

Қайдасың, еркем

0
0

Share:


Қайда жүрсің,
Жан шолпаны арайлым,
Сені іздеймін,
Төңірекке қараймын.


Сыр жасырып көлдің беті көлбейді,
Сағым қуған көңіл шіркін көнбейді.
Жүрсің қайда,
Қайда жүрсің, арайлым?


Қайырмасы:
Сені іздеймін,
Сені іздеймін,
Қараймын.
Кел, жұлдызым,
Кел, жұлдызым,
Көрейін.
Қос жүректі бұрымыңдай өрейін.



Сырлы таңнан бір өзіңді іздеймін.
Жолыққанша үмітімді үзбеймін.
Келші, еркем, нұр жүзіңді көрейін,
Қос жүректі бұрымыңдай өрейін.


Қайырмасы:
Сені іздеймін,
Сені іздеймін,
Қараймын.
Кел, жұлдызым,
Кел, жұлдызым,
Көрейін.
Қос жүректі бұрымыңдай өрейін.

Әшір Молдағайынов
Әшір Молдағайынов, Қайдасың, еркем lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015