Аяулым, арманымдай асылым ең lyrics

Әшір Молдағайынов

Аяулым, арманымдай асылым ең

0
0

Share:


Аяулы, арманымдай асылым ең,
Өзіңмен тілдескенше асығып ем.
Ең алғаш көргенімде, ерке сәулем,
Көзіме оттан да ыстық басылып ең.


Қайырмасы:
Аяулы, асылым ең,
Көргенше асығып ем.
Махаббат самалы ескен,
Сол бір таң қалар ма естен.
Жайнай түсші,
Жайнай түсші, күн сайын, ерке сәулем,
Жаз гүліндей құлпырып далада өскен.



От шашып жанарыңнан жымиясың,
Жаныма сарқылмастай сыр құясың.
Мәңгілік шаттық болып қоншы, сәулем,
Кеудеме орнат та әнмен жыр ұясын.


Қайырмасы:
Аяулы, асылым ең,
Көргенше асығып ем.
Махаббат самалы ескен,
Сол бір таң қалар ма естен.
Жайнай түсші,
Жайнай түсші, күн сайын, ерке сәулем,
Жаз гүліндей құлпырып далада өскен.

Әшір Молдағайынов
Әшір Молдағайынов, Аяулым, арманымдай асылым ең lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015