Арыс жағасында lyrics

Асанәлі Көшеров

Арыс жағасында

0
1

Share:



Өзіңмен Арыстың
Бойында таныстым
Жайнаған гүлдей құрбым сен
Жағада тұрдың сен

Жаз еді күлкің де
Қайдасың бұл күнде?
Сені іздеп арманым
Сыр бойын шарладым

Алдыңда бір бақыт
Тұрғандай тіл қатып
Толқынға қарап ойлана
Әндеттің жай ғана

Жаз еді күлкің де
Қайдасың бұл күнде?
Сені іздеп арманым
Сыр бойын шарладым

Нұр шашып өзіңнен
Бір нәзік сезіммен
Жібектей шашың толқындап
Қалып ең қол бұлғап

Жаз еді күлкің де
Қайдасың бұл күнде?
Сені іздеп арманым
Сыр бойын шарладым

Кете ме осылай
Әніміз қосылмай
Аяулы таңым сен едің
Көрсем деп келемін

Жаз еді күлкің де
Қайдасың бұл күнде?
Сені іздеп арманым
Сыр бойын шарладым

А-ХАУ
Қимасыңды,қимасыңдай-ал құрбым
Қимасыңды қайда қалдырдың

А-ХАУ
Жолы қиын , жолы қиын -ал құрбым
Жолы қиын жұмбақ тағдардың

Жанымда бол, жанымда бол-ал құрбым
Бол жанымда -ал құрбым
Тар жолында жұмбак тағдырдың

Қанатында қалқып ән-жырдың
Асанәлі Көшеров, Арыс жағасында lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

31.10.2015
Music Videos
Асанәлі Көшеров
Арыс жағасында