Туған жер (Оралым менің) lyrics

Арман Дүйсенов

3
0

Share:



Туған жерім орман тауы даламның
Басымды иіп табынамын саған мың
Сенде өткені әлдиімен әжемнің
Қасиетті ізі қалған бабамның

Мойылы мен бүлдіргені піскен жер
Ақ жайығым қанып сусын ішкен жер
Жалындаған әкем жігіт атанып
Жан анашым келін болып түскен жер

қайырмасы:
Сүйіп айтар бұл әнім менің
Ақ жайығым жанарым менің
Аққулардың арманы қалған
Алтын бесік Оралым менің

Бақытыңды тілеп жүрмін қашықта
Дана рухың бойымда қан тасытқан
Сағынғанда саған қарай жүгірем
Қарлығаштай ұясына асыққан

қайырмасы:
Сүйіп айтар бұл әнім менің
Ақ жайығым жанарым менің
Аққулардың арманы қалған
Алтын бесік Оралым менің

Тай тулатқан түбегім менің
Армандай ақ тілегім менің
Өзіңді аңсап Ата мекенім
Соғады тулап жүрегім менің

қайырмасы:
Сүйіп айтар бұл әнім менің
Ақ жайығым жанарым менің
Аққулардың арманы қалған
Алтын бесік Оралым менің
Арман Дүйсенов, Туған жер (Оралым менің) lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






nurtai_sabina_93

Corrected text

26.07.2017