Кетесің оқымасаң жолдан тайып (Бәйіт)

Арайлым Раxымқызы

2018

1
0

Share:





Загрузка...



Намаздан басталады біраз бәйі
Кетесің оқымасаң жолдан тайып
Құдайға құлшылық қыл тіршілікте
Сақтайсың ғәріп жанды қайда апарып
Кей адам оқымаса ораза намаз
Күтпесе бес уақыт қысы мен жаз
Достасып шайтанменен сол адамдар
Мұхаммед пайғамбарға болар араз
Ойға алып Мұхаммедтей ешкім жүрмес
Шайтанға болып жолдас балада үйлес
Ораза намаз оқымай жалған сөйлеп
Алламен Мұхаммедтің жүзін көрмес
Дегенім алла жолы ерте намаз
Тәубеңізден жаңылмаңыз хәм қысы жаз
Оқысаң күн шығарып ол намазды
Пенденің күнәлі болып ісі оңалмас
Дегенім сәлет сұқыр бесін мекен
Бес намаз мұсылманға кәсіп екен
Намазды бес уақыт оқымасаң
Жаныңа бір шыбындай кесір екен
Екінші намазымыз болады ғасыр
Көрсеңіз мұсылманнан ғайбын ғасыр
Біреудің ғайбын көріп елге айтсаң
Күнә жоқ бұдан артық бұдан асқан
Ораза намаз үшін жанды қина
Жанды қинап барғанда жанды сыйла
Пайғамбар хәдісінде айтты емеспе
Ғаламды ғалик сәләм аль ғибрат ашмин зина
Дейді айтар намазды намаздігер
Құдай бар пенденің тілеуін бер
Қылмысын ол дүниеге жағып барсаң
Құдай құлы Мұхаммедтің үмбетінде

Біреуі бес намаздың болады ақшам
Жараңдар қор болмасың дінді бақсаң
Иманың дәулетіңмен бірдей кетер
Төсекте күн шыққанша ұйықтап жатсаң
Дегенім алма барып намазшамда
Жараңдар үйренбеңіз жаман заңды
Құдайдың құлшылығын қылып өтсең
Құрметтер ақіретте шыбын жанды
Құптанмен одан соңғы үтір уәжіп
Жараңдар қор болмаңыз азып тозып
Жамағат тіршілікте иман іздеп
Иманды ақіретте кетер озып
Біліңдер маш ұрыпта сынық садақ
Құлышылын қылмасаң болар жазым
Пайғамбар ақіреттен алтын қазып
Біреуі бес намаздың құптан парыз
Мойнаңа оқымасаң болар қарыз
Құдайдың құлшылығын қылмай кетсең
Жетпейді ау пайғамбарға айтқан арыз
Тіліме мехнат тартып берер имам
Белгісі имандықтың нәпсіні тиған
Намаз оқымай кей адам иман сұрар
Бос жатқан иман жоқ ғой құдай ұрған

Құдайдың пенде көнер жарлығына
Байлардың кедей көнер қорлығына
Жамағат өлмей тұрып ғибадат қыл
Малыңның мақтанбағын барлығына
Бай өтер батырда өтер кедейде өтер
Түбіне бұл дүниенің өлім жетер
Сағынсыз ғой сансыз жылқы айдасаңда
Таратпай бәрін тастап алып кетер
Құдайым кейбіреуді бар қылыпты
Дүниеде кей біреуді зар қылыпты
Біреуді бай біреуді кедей қылып
Дүниеден сөйтіп жүріп жөнелтіпті
Билері бұл заманның алман жалман
Жамандар бес тиынға көзін салған
Бір баймен бір кедей даулы болса
Аямас шыбын жанын жаны барда
Жараңдар біреуің бай біреің бек
Бәріңнің бойныңда шайтан көп
Мұңыңның зарын жылатып малын жейсің
Жүресің ақіретте уайым жеп
Жарандар еш білмейсің өлеріңді

Қорықсаң ақіретті жеме пара
Екеу жол ақіретте жүрер дара
Дүниенің қызығына алданам деп
Болмаңдар ақіретте жүзі қара
Әділетті жақсылар пара алмайды
Кісіге пара берген көз салмайды
алдана зәлім бейдің барып қалса
Қалтаға қол барама содан кейгі
Билері бұрынғының пара алмайды
Пара берген адамды тән алмайды
Зәлім бейге кей адам қарыз қылса
Баралмаса орнынан қозғалмайды
Малы көп бай жылайды қар жауғанда
Иман күтпес ниеті малға ауғанда
Бір құдайдан қорықпасаң жаның үшін
Тіптен қияр нәрсе жоқ бұл жалғанда
Шайтан айтар байларға бұл мал аз деп
Малыңды күт иманнан күдер үзде
Бір байдың бір қозысы ембей қалса
Берекесі бұл малдың кетер деп
Қатынына айтарын не білесің
Мезгілсіз ауылды үйге сүт бересің
Ішпесе іші құрсын тіпті берме
Қадірлеп ол немені не қыласың
Бұқарман пендесіне хақ тағала
Жеті хат жеті ат жер жарады
Тәкәппарлық ісінен шайтан болған
Көңіліне асылы келіп қонған
Барлық емес кей адам сол секілді
Тәу етпей көңілі толған
Әрқашан білгенімді салдым хатқа
Сөйлейін шариғатты айтып жатқа
Құдайдың құлшылығын қылған пенде
Барады бірақ мініп қара сатқа
Ліллә рахма төбе рамхетулла
Деген сөз алланың пендесіне айтқан сөзі
Құдайдың өз достының үмбетіміз
Түссе екен хақ расулды нұрлы көзі

Арайлым Раxымқызы Кетесің оқымасаң жолдан тайып (Бәйіт) lyrics, Арайлым Раxымқызы 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

28.11.2018
Users