Share:








Мен кезігіп өзгергендей өмірің
Шыға келдің табанда күліп
Мен емеспін еркелетер елігің
Сыңар болар мәңгілік
Серілерден қалған менің көңілім
Кетер бір күн жолда қалдырып
Сен демеші аңсап күткен серігім
Екі көзді талдырып

Қайырмасы
Алдама жетер алдама!
Таңдағаным сен дейсің бекер ау солда
Алдама жетер алдама!
Жетпей тұр ең маған сен ғана

Жүрегімнің айтылмаған тәтті әнін
Сүйгеніңе сенім сақтаған
Сөзің жеңіл өзіңде бір мұншалық
Көңілімді таппадың
Сергелдеңге салатын сен кім ең
Жастығымның жанын шақтарын
Алдауыңа арбауыңа енді мен
Жол бермеймін жоқ жаным

Қайырмасы
Алдама жетер алдама!
Таңдағаным сен дейсің бекер ау солда
Алдама жетер алдама!
Жетпей тұр ең маған сен ғана


Арай Ғалымжанқызы Алдама lyrics, Арай Ғалымжанқызы 2019


Загрузка...





Айгул

Corrected text

11.02.2019
Users