Не болар солдат болып көрген күнім,
Есіме қайта-қайта түсе бердің,
Кір-жуып, кіндік кескен қайран жерім (туған елім)
Қайырмасы:
Атты емеспіз, жаяумыз,
Жаяудан да баяумыз,
Он бес күндей (сөтке) жүргенде,
Омбы жаққа таяумыз.
Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр
Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр
Самал тау, қайран жерім (елім) артта қалды
Адасқан өрісінен біз бір үйір
Қайырмасы:
Атты емеспіз, жаяумыз,
Жаяудан да баяумыз,
Он бес күндей (сөтке) жүргенде,
Омбы жаққа таяумыз.
Әке-шешем бар еді,
Жасы жеткен кәрі еді,
Осынау әнге салдырған,
Он алтының зары еді... Арай Айдархан, Самал тау lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store