Алмалы сай

Анар Талғатқызы

2017

3
0

Share:





Загрузка...



Ееей су ағады сайменен,
Шам жағады майменен.
2 Екі бір жақсы қосылса оооуу,
Күн шығады айменен.

Қорадан қойды айдаймын ееей,
(Бұлбұл құстай сайраймын ееей)
Қоңырқай шашты майлаймын ееей.
2Думаншыл, тойшыл халқым менің,
Әнімді саған арнаймын ееей.

Алмалы сайда көп жүрдім ееей,
Алмасын теріп жей жүрдім ееей.
2Алысқа кеткен бауырды ойлап,
Қашан келердей жүрдім ееей.

Алмалы сайды өрледім ееей,
Жүйрікке мініп терледім ееей.
2Алыста жүрген туысты ойлап,
Бір көруге шөлдедім ееей.

Ееей кескестен өрген шашыңыз ееей,
Қаншаға келді жасыңыз ееей,
2Танысайын, білісейін
Атыңызды айтып қалыңыз ееей.

Алмалы сайдың алмасы ееей,
Басқалар келіп алмасын ееей
2Ырыздық шетте жатсадағы
Топырақ шетте жазбасын ееей.

^Тойыңыз тойға ұлассын ееей,
Ұл қызың өсіп жайнасын ееей,
2Мәнгілік елден кетпей тұғын,
Қазаққа шаттық орнасын ееей.^

Анар Талғатқызы Алмалы сай lyrics, Анар Талғатқызы 2017


Загрузка...





Bahitjan Kokezhan

Corrected text

16.01.2018
Users