Оразамен өткен бір күнім lyrics

Амангелді Өтешов

Оразамен өткен бір күнім

3
0

Share:


'Бисмилләһ' деп ояндым сәресіге,
Мойынсұнып Аллаһтың уәдесіне.
'Сәресіде береке бар' деп айтқан,
Пайғамбардың хадисін ал есіңе.
 
Жетуге мұсылмандар қатты асығар,
Жәннаттың 'Райян' деген қақпасы бар.
Оразаңмен сол қақпадан шақырылсаң,
Одан асқан қуаныш жоқ та шығар.
 
Таң азанмен мешітке қадам бастым,
Жамағатпен қауышып, амандастым.
Рамазаннан басқа айда дәл осындай
Көл-көсір сауапты оңай таба алмаспын.
 
Адамдар көңілді екен күндегіден,
Еседі шаттық лебі үндерінен.
Күбірлеп Құран оқып, уағыз айтып,
Түспей тұр зікірлері тілдерінен.
 
Осылай тал түс өтіп, бесін келді,
Көп сөзбен қаламадым көсілгенді.
Бел будым көздің қашып зинасынан,
Қызықтап қарамауға шешінгенді.
 
Ақырын уақыт жылжып, Аср жетті,
Бойыма сабыр тұнып, ашу кетті.
Өйткені, оразаның бір талабы
Бүліктен, дау-жанжалдан қашу депті.
 
Таусылмас қанша айтсаң да талмай жырлап,
Аллаһтың әр нығметі қандай қымбат!
Түсіндім арып-ашқан адамдарды
Қарын ашып, шөл қысқанда, таңдай құрғап.
 
Шам кірді, ұясына күн де қонып,
Ауыз аштым жамағатпен бірге болып.
Қаныммен тамырыма нәр тарады,
Жүзім менен жүрегім нұрға толып.
 
Сауабы Рамазанның шексіз елім,
Тіліммен айтып қалай жеткіземін!
Құптан мен тарауыхты оқу үшін
Қайтадан құбылаға бет түзедім.
 
Ескергін оразаның тыйымдарын,
Өзің үшін хайырлы тыйылғаның.
Қияметте жәннаттан үмітің бар,
Орындасаң Аллаһтың бұйырғанын.
 
Адамды өсіретін зікір екен,
Амалды өшіретін күпір екен.
Жеткізген оразадан оразаға
Әлемдердің Раббысына шүкір етем! 
Амангелді Өтешов, Оразамен өткен бір күнім lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

24.10.2015
Music Videos
Амангелді Өтешов
Оразамен өткен бір күнім