Қазақстаным lyrics

Алтынай Жорабаева

2019

3
0

Share:



Сен туған отан бақыт мекенім
Өзің жайлы ән әндетемін
Дүрмелең дүние білемекен
Тектілік ұғымы қазақта екенін
Сынаққа сынбай сабыр қылатын
Дұшпанын сөзбен бағындыратын
Алты құрлықты құшағына алып
Алысқа кетсе сағындыратын

Қайырмасы
Қазаны құтпенен қайнаған
Тәуелсіз әр күнін бойлаған
Болашаққа үміт байлаған
Қазақстаным!!!
Жүректе намыстың байрағы
Қазынаға тұнған ойнауы
Жасасын бірліктің аймағы
Қазақстаным!!!

Күмбірлеп көңілде домбырасы
Даланың дауысын қалдырады
Аманат бізге алаштың жері
Азаматтың аппақ арғымағы
Досына шуағын таратады
Аяулы халқымның алақаны
Бесігінде жатқан әрбір сәби
Құранның қырағы балапаны

Қайырмасы
Қазаны құтпенен қайнаған
Тәуелсіз әр күнін бойлаған
Болашаққа үміт байлаған
Қазақстаным!!!
Жүректе намыстың байрағы
Қазынаға тұнған ойнауы
Жасасын бірліктің аймағы
Қазақстаным!!!



Алтынай Жорабаева, Қазақстаным lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

15.03.2019
Users