Ақыр заман белгілері lyrics

Алмас Темірбай

2016

0
0

Share:



Арғы атам менің пайғамбар
Бергі атам менің молда еді
Мұхаммедке бастаған Мұхаммед расул ала деп
Құдайы жалғыз аузында
Құраны екі қолды екі
Жүрекке жиған иманын
Жұмаққа барар жол деді
Әйелдің саны көбейіп
Азайар енді ер кісі
Бұдағы байқап тұрсаңыз
Ақыр заманның белгісі
Арғысын білер бір Алла
Айтарым менің бергісі
Жанымның жалғыз иесі
Жаратқан жалқы құдайым
Көз көріп небір сұмдықты
Көңілді басты қуаным
Пайдасын ойлап халқымның
Пайғамбар құсап жылайын
Ақыр заманды еске алсам
Мен қайтіп шыдап тұрайын
Ақыр заманға асығып
Адамзат қайда барасың
Имансыз адам итпен тең
Айырмас ақпен қарасын
Аллаға күмән келтіріп
Кешірмес кінә тағасың
Тоз-тозың шығып мәңгіріп
Тозаққа мәңгі жанасың
Алақан қолың берекең
Алладан мәдет айбаның
Алыста жақын ағайын
Алақаныңды жай бәрін
Харамнан бойын аулақтап
Қақ жолдан енді таймағын
Бұ дние деген өткінші
Бұ дүние жайын ойлағын
Бес уақыт намаз бұзылар
Безгендерден шын надан
Армансыз мұңсыз періште
Алланы ұйып тыңдаған
Бұйрығын мінсіз орындап
Басқаға мойын бұрмаған
Періштелерде біз түгіл
Намазын қаза қылмаған

Алмас Темірбай, Ақыр заман белгілері lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Anonymous

Corrected text

11.01.2019