Қайдасың lyrics

Әлия Әбілқайыр

Қайдасың

0
0

Share:


Сол бір кез есімде
Жағасы бұлақтың.
Айлы жаз кешінде
Сырласқан ұзақ түн.
Сүйкімді бейнеңді
Жүректе сақтадым.
Арманым, сол жерден
Сен едің тапқаным.
 
Тағы да сол жерге
Оралдым қайтадан.
Әлі тұр гүлдер де,
Самал жел шайқаған.
Қол бұлғап жырақта
Тау да тұр аңсаған. 
Сен жоқсың бірақ та
Қайдасың, қалқажан?!
 
Көруге жаралған
Сен бейне айнасың.
Өзіңсіз таба алман
Сағыныш айласын.
Көрінші, көңілге
Қуаныш жайласын.
Аңсадым жүзіңді
Қалқатай, қайдасың?!
 
Әлия Әбілқайыр, Қайдасың lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

31.10.2015
Music Videos
Әлия Әбілқайыр
Қайдасың