Өмір өткелдері

Алихан Дүйсенбай

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Жайраңдап жасты дәурен қалар иірілмей
Жібінің жалынғанмен ұшын бермей
Кел кел деп кеуаналық ашсақ ойынын
Баруға кеңулің тұрады тәуір көрмей
Кісілік санатына кіре алмайсың
Адамдық қасиетінен жинап термей
Халқыңа жағам десең кең пейіл бол
Қап түбін қақ түбінен ойлап білмей
Өмірдің өткелдерін айтып өтсем
Бұл жүзі отырарсың бәрін жөндей
Балалық бағбаныңда тұрған қызық
Тұрмақшы сиақтанып түскен өңдей
Мысалы он бес жиырма арты отыз
Кезің сол кең өрісше атың рулы ей
Қырықта алды артыңды абайлатар
Көрсеткен күйік жерде биікті өңдей
Ойыңа ол уақыттар орнап ұят деген сөз
Есітерсің аға жеңге елі жас тамашаңнан тартындырар
Қол үзген көшкен бидақ қисық жөнге
Алпыспау арман мен тек отырарсың
Өкінгенмен ешнәрсе өнбей
Жол түссе бір керуен бір түниейтін
Жетпіс жас асудағы қара көңгей
Сексенде жиренеді өз отбасын
Сол кезде қатарды іздеп қайғырасың
Жетімше ата сүтін қалған ембей
Тоқсанға жететін жан мыңның бірі
Жазира жан көрмеген құба шөлдей
Жексұрын күннен күнге тартып әркім
Талайдың көзі жас болған көлдей
Өміріңді бұзар бір күн ажал сендей
Табылса екі ақ қабат бөзге орайды
Аяғың жазатайып кетсе көлбей
Сарсенбай ата шырау атанғанмен
Болады жер астында бетің белдей



Алихан Дүйсенбай Өмір өткелдері lyrics, Алихан Дүйсенбай 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

07.11.2018
Users