Шежіре (жаңа нұсқа)

Алихан Дүйсенбай

2017

0
0

Share:





Загрузка...



Əлеумет елді тыңдасаң
Алихан атты ай ұлыңды
Қарға тамырлы қазақпын
Үш жүзі болып рулы
Көшелі киелі еліме-ай
Кешегі сақпен ғұн үлгі
Қазақ қазақ болғалы
Атамыз атқа қонғалы
Қаймағың қанша қырылды
Дүние қанша құбылды
Тұлғалы тарих тізбектер
Жоңғарда қалған жүгіңді
Қалмақта қалған күңіңді
Сақтаған салтың жойылып
Ақтабан болып шұбырды
Асқарым арыс бəйтерек
Бастарың бəске тігілді
Сексен алтының ызғары
Ұлтымның ұлы мен қыздары
Қыршыннан кетіп қырылды

Əйй... мың жылдықтың жолында
Мың өлгенімен соңында
Қазағым қайта тірілді
Тоқсан бірдің таңында
Қыран ғып салып туыңды
Тəуелсіз болдық тұғырлы
Астана салып арқаға
Басқаға болып мың үлгі
Тамырың кетіп тереңге
Діңгекке салып дініңді
Құрметте қазақ тіліңді
Көп көрмесе екен құдайым
Қайғысыз қара суыңды
Думаншыл жұртым дүбірлі
Той құтты болсын бүгінгі!
Тілектен тарту етейін
Жүрекке жалғап жырымды
Əр атқан таңын əн болсын
Жаратқан төгіп нұрыңды
Мейманың болсын қыдырлы
Иманың болып мығымды
Ұлдарың болсын тұлымды
Қыздарың болсын бұрымды
Жасай бер мəңгі қазағым
Ұрпағың болып ғұмырлы

Алихан Дүйсенбай Шежіре (жаңа нұсқа) lyrics, Алихан Дүйсенбай 2017


Загрузка...





Айгул

Corrected text

17.03.2018
Users