Ауылды аңсау lyrics

Алдияр Ерғали

2017

0
0

Share:



Сағындым бұлақты
Жауында тасып аққан
Сағындым балалық
Шағымда асық атқан
Жанымның бөлшегі
Тудырған жырларымды
Сағындым ауылымды
Гүлдерде қырларымды
Аналардың аталардың баталарын
Салар әнім өздеріңсің қалағаным

Достарым қасымда қыдырдым белдерінде
Сағындым жасымды шомылған көлдерімді
Апамды жеңгемду аңсадым ауыл дәмін
Сағындым сендерді ардақты бауырларым
Аналардың аталардың баталарын
Салар әнім өздеріңсің қалағаным

Сағындым атаны ерекеше сезім берген
Сағындым апаны анамның көзін көрген
Кекілі желбіреп жарысқан құлындарды
Сағындым мөлдіреп сенде пәк сезім қалды
Аналардың аталардың баталарын
Салар әнім өздеріңсің қалағаным

Алдияр Ерғали, Ауылды аңсау lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

25.04.2018
Users