Хор қызына

Ақылбек Жаңабаев

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Көрген адам жүрісінен жаңылған
Сүйген адам бар дертінен арылған
Естігендер есіміне ғашық боп
Дидарын бір көру үшін сабылған
Хор қызындай жер шарынан табылған

Қайырмасы
Ай нұрына шомылған жібек шашын жамылған
Жанарының моншағын мойынына табынған
Бар əлемнің сəулесі маңдайына соғылған
Мен садаға кетейін сен секілді арудан

Жер жүзіне күлкісімен танылған
Көк жүзіне күн дидары салынған
Ақын біткен теңеу таппай жырлауға
Сазгер біткен əуен таппай тарылған
Бар тіршілік қабағына бағынған

Қайырмасы
Ай нұрына шомылған жібек шашын жамылған
Жанарының моншағын мойынына табынған
Бар əлемнің сəулесі маңдайына соғылған
Мен садаға кетейін сен секілді арудан

Ақылбек Жаңабаев Хор қызына lyrics, Ақылбек Жаңабаев 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

14.12.2018
Users