Ауылға хат lyrics

Ақұштап Бақтыгереева‎

0
0

Share:


Жазшы маған, жан құрбым, ауыл қандай?
Арайлы ма, ақын жан сағынғандай?
Жаңалықтың қалдырмай бәрін жеткіз,
Жауабыңды күтемін сабыр қалмай.
Шықты ма аты ерлердің еңбектегі,
Қалай биыл көктемгі жер көктеуі?
Қалай жеңге, келіннің сыйластығы,
Кеткен жоқ па азайып жөргектері?
Кеуделерін кернеген жаңа шабыт
Жатыр ма әлде жас қауым қала салып?
Мынау қырдың исі өткір жусандары
Кеткен жоқ па жылдан-жыл аласарып?
Тербетіліп самалға бал көдесі
Жайнап тұр ма құс қонған әр төбесі?
Марқасқа деп аталған жігіттердің
Бұрынғыдан биік пе мәртебесі?
Деп едіңдер көмуін қойды құмдар,
Толған шығар орманға ой мен қырлар.
Көршілердің түзу ме сәлемдері,
Ойнақтаған тату ма тай-құлындар?
Қолқабыстан жас келін тартынбай ма,
Ақ алмастай жас жігіт жарқылдай ма?
Кешкі ертегі айтатын әжелерден
Бесіктегі жас сәби ән тындай ма?
Аз ойналып домбыра күйі бүгін,
Молайтса ел модамен киінуін,
Қайта құрып алармыз барлығын да
Жоғалтпасақ жүректің мейірімін.
Қос жүректің арманын жариялар
Қосылды ма жаңадан сан ұялар?
Ұлағатты сөз айтып, қымыз ішіп,
Той төрінен тарқай ма қариялар?
Ақұштап Бақтыгереева‎, Ауылға хат lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016