Анау көрші сөз ұқпас қиқар адам lyrics

Ақұштап Бақтыгереева‎

0
0

Share:


Анау көрші сөз ұқпас қиқар адам,
Шаруа баққан, өзінше үй қараған.
Мандайына біткені - бір машина,
Мүлкі болды ерте-кеш сипалаған.
Келеді айдап, қабағын қалындатып,
Дәл осы деп ойлайды нағыз бақыт.
Нәрестедей әйелге өбектетті
Ақ матамен күнгейін жабындатып.
Балшық тисе көрсең-ау дірдектеуін,
Соны жуып өткерді бұл көктемін.
Тіршілікте бұл сорлы сезе ме екен
Қанша адамның көңілін кірлеткенін.
Ақұштап Бақтыгереева‎, Анау көрші сөз ұқпас қиқар адам lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016