Анама екінші хат lyrics

Ақұштап Бақтыгереева‎

0
0

Share:


Қалмадым бірге жаныңда
Болмадым сенің ермегің.
Шаршап бір жүрген шағыңда
Дайындап сусын бермедім.
Ауырып көп түн қиналдың
Қасыңда тағы болмадым.
Алыстан қатты сыйладым,
Алыстан хаттар жолдадым.
Сен үшін білем тым ауыр,
Көп көштің кеттім ішінде.
Мен үшін аз ғой бір ауыл,
Сөкпеші, мені түсін де.
Өмірім сенен мүлде өзге,
Жолдарды тану көп керек.
Қинама мені бұл кезде,
Қинама «алыс кетпе» деп.
Биіктік болса қаларым,
Төменді маған ұсынба.
Құстар да балапандарын
Баулиды биік ұшуға.
Ақұштап Бақтыгереева‎, Анама екінші хат lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016