Аналық ауыр парыз атқардың да lyrics

Ақұштап Бақтыгереева‎

0
0

Share:


Аналық ауыр парыз атқардың да,
Атыңа қыз қалдырып батқан мұңға,
'Есімің жер үстінде өшкен жоқ деп
Әкеме барған бетте мақтандың ба?
Аналық ауыр парыз атқардың да,
Атыңа қыз қалдырып батқан мұңға,
'Есімің жер үстінде өшкен жоқ деп
Әкеме барған бетте мақтандың ба?
Іргесін салып аулақ надандардан,
Сатқын мен жағымпазға жаға алмаған,
«Баласы әй-кәпірдің» дегізбейтін
Өлсең де, бақыт шығар, балаң қалған.
Әкеме айт, кеудесін ән-күй кернесін,
«Өмірді қызым менше сүйген» - десін!
Намыссыз ұлы қалған біреулердің
Алдында сөйлей қалса, именбесін.
Ақұштап Бақтыгереева‎, Аналық ауыр парыз атқардың да lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016