Share:


Аязды шат күлкіге алмастырар
Шаңғыға сендей ешкім болмас құмар,
Орманға шақырғаның әлі есімде
Жауғанда біздің жаққа алғашқы қар.
Алаулап екі бетің оттай жанып,
Қызынып іңкәр жүрек шоққа айналып,
Сен тұрдың құшағында дүниенің
Кіршіксіз жатқан түгел ақ қар жауып.
Өзіңше жаңа ізбенен жол бастадың,
Ал менің сенше зулар болмас халім,
Шаңғы түгіл жай басқан қара жерде
Сәтті бола бере ме алғашқы адым...
Құладым, ізге түсіп ағылмадым,
Мүмкін аяқ алыстан жаңылғаным,
Ақ қарға күмп бердім де қайта тұрдым,
Сезінбей еш жерімнің ауырғанын.
Үреймен ұлпа қарға батты деп мен
Жеттің де маған құмар ақ тілекпен,
Жұп-жұмсақ алақанмен үстімдегі
Ақ қардың ұшқындарын қақтың еппен.
Үйренбей шаңғы тебу заңын бірден
Сан рет қадамымнан жаңылдым мен.
...Сондайда дала пейіл адамдарда
Ақ ұлпа алақандар барын білгем.
Ақұштап Бақтыгереева‎, Ақұлпа lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016