Share:


Жер менен көктің арасын,
Ақ түтін етіп барасың,
Даланың тентек дауылы-ай,
Үнемі солай соғасың.
Суырылып сайдан, жырадан,
Жас талды жұлқып жылаған.
Ақ ұлпа қарды шашасың,
Осы ойын саған ұнаған.
Ышқына шауып белеске
Түсесің неге егеске?
Даланың қайсар жандары
Төзімді келет емес пе?
Ысылдай соғып желің де,
Әзірсің бәрін көмуге.
Далада туған адамдар
Ықтасын іздер дедің бе?
Аспанға қарды көтерме,
Әуреге түспе бекерге.
Бәрібір жершіл ұрпақтар
Мекенін тастап кетер ме.
Ерліктің отын қайнат та,
Ерік бер жігер, қайратқа.
Жарасады екен қатал қыс
Адамы өжет аймаққа.
Ақұштап Бақтыгереева‎, Ақтүтек lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016