Ақ Жайық, тасы, төгіл lyrics

Ақұштап Бақтыгереева‎

0
0

Share:


Ақ Жайық, тасы, төгіл, көңіл қалдыр,
Аумалы-төкпелі ғой өмір бәрібір.
Айналған полигонға сор даланың
Бір рет тым болмаса шөлін қандыр.
Ақ Жайық, тасы, құйыл сайларыма,
Телегей болып жайыл жайлауыма.
Біреулер еске алатын болсын сені
Біреулер басын исін айбарыңа.
Шырылдар қарлығашың - Ақұштабың,
Қайтейін қанатсызбын, алыстамын.
Мінезің оятар деп үміттенем
Қалғыған кейбіреудің намыстарын.
Ақұштап Бақтыгереева‎, Ақ Жайық, тасы, төгіл lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016