Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым lyrics

Ақұштап Бақтыгереева‎

0
0

Share:


Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым,
Сен десе жыр жолы боп құйыламын.
Әзірше жыл өткізбей келіп тұрам,
Кім білсін неше келу бұйырарын.
Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым,
Сен десе жыр жолы боп құйыламын.
Әзірше жыл өткізбей келіп тұрам,
Кім білсін неше келу бұйырарын.
Сені айтса жанарымда күлкі ойнаған,
Көңілі орта болса шырқай ма адам?
Жағаңда өскен кезде жай өзен ең,
Бұл күнде сені көру бір той маған.
Ағысың айдынындай ой-кеменің,
Жағанда жазылды алғаш ойлы өлеңім.
Жүздесу өзіңменен той дедім-ау,
Тірлікте көп те болмас той дегенің.
Сырлы әнін сан ғасырдың жиған ағын,
Жағанда туғандарға сыйла дарын.
Келерде жас балаша қуанам да,
Кетерде қимастықпен қиналамын.
Ақұштап Бақтыгереева‎, Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016