Қарамашы маған, жаным, жатсына.
Табыстырды мына жаңбыр күздегі,
Екеумізді бір қолшатыр астында.
Қ-сы
Сезесің бе жүрегімнің дүрсілін,
Бұлқынады жеткізе алмай бір сырын.
Қайталаған жаңғырығы секілді,
Тыңдап көрші тамшылардың тырсылын
Шыдамастан күйіп-жанып деміне,
Еріткендей адам түгіл, тасты да.
Бірге келем өзіңменен, мен, міне,
Қолтықтасып бір қолшатыр астында.
Қ-сы
Сезесің бе жүрегімнің дүрсілін,
Бұлқынады жеткізе алмай бір сырын.
Қайталаған жаңғырығы секілді,
Тыңдап көрші тамшылардың тырсылын
Бізге арналған сыйы ма бұл тағдырдың,
Өн-бойымды баурап алды шаттық ән.
Тілеп келем тоқтамауын жаңбырдың
Шыққым келмей қолшатырдың астынан.
.
Қ-сы
Сезесің бе жүрегімнің дүрсілін,
Бұлқынады жеткізе алмай бір сырын.
Қайталаған жаңғырығы секілді,
Тыңдап көрші тамшылардың тырсылын
Айжулдыз Адайбекова, Қолшатыр lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store