Авторы мен lyrics

Айжан Қозыбай

2019

0
0

Share:



Сенің неге кіршіксіз ақ көңілің
Орын алдың жүректің қақ төрінен
Муза жазған сен менің өлеңімсің
Сол өлеңнің ендігі авторы мен

Қайырмасы
Сол өлеңнің авторы мен
Сыйлай алсаң бақты бірден
Өмірімсің өлеңісің
Туындаған тәтті үнімнен

Авторы мен болайын көнесіңбе
Енді өлең жазбаймын сенесіңбе
Көптен күткен үмітпен өлеңімсің
Бұрын жазған өлеңім жоқ есімде

Қайырмасы
Сол өлеңнің авторы мен
Сыйлай алсаң бақты бірден
Өмірімсің өлеңісің
Туындаған тәтті үнімнен

Айжан Қозыбай, Авторы мен lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

16.03.2019
Users