Параллель

Aizdihar

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Пара-пара-параллель,
Өзге әлемде екеуміз.
Бара-бара-бара бер,
Қосылмайды екенбіз…

Саған айтар сөзім жоқ,
Қалауың не білмедім.
Жоғалтқандай есіңді,
Жыламадың, күлмедің…

[Қайырмасы]
Біздің жолдар параллель
Түйіспейтін өмірде!
Пара-пара-параллель
Түсінбейміз ештене!
Біздің жолдар параллель
Қосылмаймыз екеуміз!
Пара-пара-параллель
Өмір сүріп келгенбіз!

Пара-пара-параллель,
Сезімдер де қайшы тым.
Қала-қала-қала бер,
Кім кінәлі айтшы кім?

Алда енді алдама,
Енді маған бәрібір.
Жүрек саған мұздады,
Ары ойнашы, әрі жүр.
Aizdihar Параллель lyrics, Aizdihar 2018


Загрузка...





Admin

Added Lyrics

05.06.2018