Сағыныш

Айзада Асылхан

2017

1
0

Share:





Загрузка...



Өткенім бүгін елеспе
Түсесің жиі сен еске
Тыңдашы жаным дүрсілін
Жүректің жұмбақ бұл сырын
Мазалап мені бір тылсым
Шаттандың əрі күрсіндің
Сағыныш сазын тербеттің
Сезімнің күйін селт еттің.
Қайырмасы:
Сағыныш болып мөп мөлдір жас
Қаңқылдап ұшқан қоңыр қаз
Өзіңе бүгін сыйа алмай.
Қия алмай тұрмын қия алмай

Көрмесем бір сəт іздеймін
Үмітті неге үзбеймін
Дидарың бейне тұнықтан
Ұмытпай сені ұмытпа.
Құсымсың шырқар көктегі
Гүлдейтін көңіл көктемі
Ғажайып неткен бұл əлем
Жанымнан кетпес бір əлем.
Қайырмасы:
Сағыныш болып мөп мөлдір жас
Қаңқылдап ұшқан қоңыр қаз
Өзіңе бүгін сыйа алмай.
Қия алмай тұрмын қия алмай.



Айзада Асылхан Сағыныш lyrics, Айзада Асылхан 2017


Загрузка...





Айгул

Corrected text

30.03.2018
Users