Өнер менің асқақ атым

Айгүл Иманбаева

2018

3
0

Share:





Загрузка...



Өмір өмір өмір дейміз жанды қалай өртейін
Бөлісе алсақ жеңілдейміз əн мен жырды шетейік
Өнер десе жан жадырап
Ақ жарылар жүректен
Əн менен жыр барда бірақ таусылмайды тілектер

Қайырмасы
Өнер менің асқақ атым
Өмірімнен басталатын
Өнер менің аспан көктен
Алып ұшқан қос қанатым
Əн қалмасын айтылмаған
Сыр қалмасын сарқылмаған
Қазағым бақытты бол
Гүл жайнасын алтын далам

Жаным от боп күйінеді туған жермен ел десе
Мына мөлдір дүниені
Əн тербесін кернесе
Өмір өмір мейлі мейлі
Мың құбылса өзгерсе
Туым əлі желбірейді
Елім сүйіп емдесе

Қайырмасы
Өнер менің асқақ атым
Өмірімнен басталатын
Өнер менің аспан көктен
Алып ұшқан қос қанатым
Əн қалмасын айтылмаған
Сыр қалмасын сарқылмаған
Қазағым бақытты бол
Гүл жайнасын алтын далам
Айгүл Иманбаева Өнер менің асқақ атым lyrics, Айгүл Иманбаева 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

07.10.2018
Users