Құрдастар lyrics

Айгүл Қосанова

2017

1
0

Share:



Қиындыққа қарамаған пысқырып
Елемеген мұңды дауылды
Бірін бірі іздеп тауып ысқырып
Ән қылатын түнгі ауылда
Жұлдыздарға тілек тілеп жалт еткен
Ақшасызда жүре алатынбыз
Отырысты ардақ көріп банкетте
Бас қосуға қуанатынбыз

Қайырмасы:
Құрдастар қайдасың жүздерің жайнасын
Жастықтың оты сөнбесін
Құрдастар қайдасың бақытың таймасын
Көңілді уақыт жеңбесін

Ой санамыз бір босамай қиялдан
Ғалам торсы әлем шарлатып
Қолымыздан ұстатуға ұялған
Махаббаттан алыс арманым
Жүректерің қалмасыншы қатайып
Жас күніңдей жандансын бәрі
Жүздескенде жүрейікші марқайып
Бізге қарап таң қалсын бәрі

Қайырмасы:
Құрдастар қайдасың жүздерің жайнасын
Жастықтың оты сөнбесін
Құрдастар қайдасың бақытың таймасын
Көңілді уақыт жеңбесін

Айгүл Қосанова, Құрдастар lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

20.02.2018
Users