Жақсы көрем lyrics

Айгүл Иманбаева

Жақсы көрем

3
0

Share:



Жақсы көрем мен сені жанымменен
Көз жасымдай сезіммен мөлдір.
Оған куә ару Ай, куә жарық Күн,
Жақсы көрем бойдағы барымменен.

Қайырмасы:
Армандаудан жалықпайтынмын,
Қиялменен шарықтайтынмын.
Жақсы көрген кезіңде, жаным-ау менің
Періштең боп көгіңде қалықтаймын.

Жақсы көрем мен сені жүрегіммен
Жүрегіммен ең нәзік, таза.
Оған куә көк аспан, куә ақ жауын,
Жақсы көрем ақ ниет тілегіммен.

Қайырмасы:
Армандаудан жалықпайтынмын,
Қиялменен шарықтайтынмын.
Жақсы көрген кезіңде, жаным-ау менің
Періштең боп көгіңде қалықтаймын.
Айгүл Иманбаева, Жақсы көрем lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

18.11.2015