Share:



Тағдырымның сыны сенбе едің
Талғамымның жаны сенбе едің
Қиялымда ғана тілдесіп
Қол жетпеген шыным сенбе едің

Мөлдір сағымсың
Гүлзар бағымсың
Жүрегімнің дүрсілін
Жүрме екенсің түсініп
Махаббатым менің күн сынды.

Жанарымның мұңын көрдің бе
Жүрегімнің үнін сездің бе
Айдынына қоналмай ұшқан
Аққу сынды мені көрдің бе

Жаным жарығым
Сені сағындым
Жүрегімнің дүрсілін
Жүрме екенсің түсініп
Махаббатым менің күн сынды.

Қиял ғажабым
Мұңды азабым
Жүрегімнің дүрсілін
Жүрме екенсің түсініп
Махаббатым менің нұр сынды.
Айгүл Бажанова & Иса Алимусаев, Ғажабым lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

08.04.2018
Users