Туған жерім lyrics

Айгүл Адиханова

Туған жерім

0
0

Share:


1.
Армысың туған жерім 
Құдіретіңе бас иемін 
Өзіңді асыл анамдай сүйемін 
Жарқын болсын әрқашанда даңқың, асқарың
Арман құсың алысқа самғасын
Гүлдерім, шыршаларым 
Жадырап тұр жасыл бағым
Осы еді ғой сағынып аңсағаным
Алтын күн арайланған нұрыңнан айналам 
Туған жерім қымбатсың сен маған 
Қайырмасы:
Байтақ елім атамекен туған жерім
Мекенім 
Қастерлеп сені мәңгі өтемін 
Аялаған, саялаған дархан елім
Тірегім 
Соғады сен деп мәнгі жүрегім
2.
Ғажап қой менің далам
Пейіш бағыңдай жайнаған 
Айналайын елімнен дара туған 
Жарқын болсын әрқашанда даңқың асқарың
Арман құсың алысқа самғасын 
Қайырмасы:
Байтақ елім атамекен туған жерім
Мекенім 
Қастерлеп сені мәңгі өтемін 
Аялаған, саялаған дархан елім
Тірегім 
Соғады сен деп мәнгі жүрегім
Айгүл Адиханова, Туған жерім lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

21.01.2016
Music Videos
Айгүл Адиханова
Туған жерім