Жылайды жапырақ lyrics

Айкерім Қалаубаева

Жылайды жапырақ

6
0

Share:



Оралмай жүрген жазым ең
Таба алмай жүрген сазым ең
Жолықтың маған ғайыптан
Бұлбұл боп жарқын назыңмен
 
Сазымен тербеп тәтті әнің
Жүрекке өшпес от салдың
Әніңе ғашық болам деп
Өзіңе ғашық боп қалдым
 
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Тербетіп сыбдырымен даланы
Өзіңмен жүрген айлы түндер алыстап барады
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Жұбатты жанымды түнгі самалы
Жылама жапырақ
Қуаныш күн туар саған да
 
Ұмыта алмадым сол күзді
Өртеген еді жалыны
Аңсаумен жүрсін деп бізді
Қоспаған шығар тәңірі
 
Сырымды қалай жеткізем
Сағынышымсың тек білсең
Қуанышым боп келіп ең
Тәтті мұң сыйлап кеттің сен
 
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Тербетіп сыбдырымен даланы
Өзіңмен жүрген айлы түндер алыстап барады
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Жұбатты жанымды түнгі самалы
Жылама жапырақ
Қуаныш күн туар саған да         

айкерім, қалаубаева, әйгерім, айгерим, айгерім, калаубаева, aigerim, aikerim, kalaubayeva, qalaubayeva, kalaubaeva, qalaubaeva, Жылайды жапырақ lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

ажар

15 2017

Маған ұнады

Гулнур Сахиева

04 2018

кушти олен

Admin

Corrected text

28.07.2016
Users

GM

Music Videos
Айкерім Қалаубаева
Жылайды жапырақ