Ырғыз жастары

Айдынғали Сағынғали

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Туған жерден тағзым жинаған
Қанат қаққан қырандай қиядан
Əйтекеңнің сөзінен нəр алып
Ту қып өскен бірлікті ұядан
Тəлім алған Ыбырай данадан
Қалған дəстүр сақталған бабадан
Домбыраның үнімен ер жетіп
Тұлпар мінген ерлерден тараған
Бұл Ырғыздың жастары

Қайырмасы
Сексен көл шалқып тербеткен
Серілік құрып ер жеткен
Алуға биік асқарды
Бұл Ырғыздың жастары

Киелі Ырғыз жағасы жайлаған
Жүректері сертінен таймаған
Қос иықтан төгілген бұрымы
Қыздары əсем аққудай жайнаған
Еркін өскен кең дала төсінде
Ізі қалған ерліктің көшінде
Үлкенінен құрметін аямай
Ізетпенен қараған кішіге
Бұл Ырғыздың жастары

Қайырмасы
Сексен көл шалқып тербеткен
Серілік құрып ер жеткен
Алуға биік асқарды
Бұл Ырғыздың жастары


Айдынғали Сағынғали Ырғыз жастары lyrics, Айдынғали Сағынғали 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

06.01.2019
Users